Сондай-ақ, құрылғыға карталарды жүктеп алу үшін Nokia Map Loader PC
бағдарламалық құралын пайдалануыңызға болады. Nokia Map Loader
бағдарламасын үйлесімді компьютерге орнату үшін, www.nokia.com/maps
торабын қараңыз.
Мәзір
>
Қолданбалар
>
Карталар
және келесі опциялардың біреуін таңдаңыз:
Соңғы карта — Соңғы рет көрсетілген картаны ашу.
Мекенжай табу — Нақты бір мекенжайды іздеу.
Сақталған орн-р — Құрылғыға сақталған орынды табу.
Соңғы орындар — Шолған мекенжайларды көру.
Ағымдық орын — Егер GPS қосылған болса, ағымдағы орынды көру.
Жол жоспары — Бағдарды жоспарлау.
Қосымша қыз-р — Жол жүру лицензиясын сатып алу.
Параметрлер — Параметрлерді анықтау.
Барлық дерлік сандық картография деректері кейбір жерлерде ақаулы және
толық емес болады. Ешқашан осы құрылғыны пайдалану үшін жүктеп алған
картография деректеріне өзіне ғана сеніп қалмаңыз.
Nokia Map Loader
Компьютерге арналған Nokia Map Loader бағдарламасымен интернеттен
карталар мен дауыспен басқарылатын файлдарды жүктеп алуыңызға болады.
Құрылғыға жеткілікті орны бар жад картасы салынуы тиіс. Nokia Map Loader
бағдарламасын қолданбастан бұрын кемінде бір рет Maps бағдарламасын
пайдаланып, карталарды қарауыңыз керек, себебі Nokia Map Loader
бағдарламасы жүктеп алынатын карта нұсқаларын тексеру үшін Maps
журналының ақпаратын пайдаланады.
Nokia Map loader бағдарламасын орнату үшін, www.nokia.com/maps торабына
кіріп, нұсқауларды орындаңыз.
Nokia Map Loader бағдарламасымен карталар жүктеп алу
1 Құрылғыны үйлесімді USB деректер кабелі немесе Bluetooth байланысы
арқылы компьютерге қосыңыз. Деректер кабелін қолдансаңыз, PC Suite
бағдарламасын USB байланыс әдісі ретінде таңдаңыз.
2 Компьютерде Nokia Map Loader бағдарламасын ашыңыз.
3 Мазмұнды және елді немесе аймақты таңдаңыз.
4 Карталарды немесе қызметтерді таңдап, жүктеп алыңыз да, оларды
құрылғыға орнатыңыз.
Nokia Map Loader бағдарламасының Service tab тармағынан жол жүру және жол
туралы ақпарат лицензияларын, саяхат нұсқаулықтарын сатып алуыңызға және
карталарды жүктеп алуыңызға болады.
Бағдарламалар
31