
SIM картасын орнату
SIM картасы мен оның контактілері тырналса немесе иілсе, олар оңай бүлінеді,
сондықтан, картаны ұстағанда, салғанда немесе шығарғанда абайлаңыз.
8
Жұмысты бастау

1 Баттарея орнатылған болса, оны шығарып алып, содан кейін SIM картасын
ұстағышын сырғытып ашыңыз.
2 Карта ұстағышын ашыңыз.
3 SIM картасын байланыс жағын төмен қаратып ұстағышқа салыңыз.
4 Карта ұстағышын жабыңыз.
5 Карта ұстағышын сырғытып жабыңыз.